Педагогикалық кеңес
2021 жылдың 23 сәуір күні кезекті педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Педагогикалық кеңесте директордың ӨОЖ бойынша орынбасары Ж.Ф. Омаров, директордың ӨО жөніндегі М.Л. Коваль, директордың ОҒӘЖ бойынша орынбасары Б.Қазбекқызы
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1.Түлектерді жұмыспен қамту мәселелері және шешу жолдары. Әлеуметтік әріптестермен жұмыс. Дуалды оқыту еңбек нарығында қажетті мамандарды дайындаудың негізгі шарты ретінде
2.Колледжде агротуризмді құру және дамыту тұжырымдамасы
3.Оқытушылардың қызметін бағалау рейтингісі
4.Әр түрлі
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС – БҰЛ ЖАҢАШЫЛ БАҒЫТ, ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ МӘДЕНИЕТІ
18.09.2020 ж. Жас мамандар мектебінің отырысы өтті. Күн тәртібінде: Жоспарлау құжаттамасының бағыты және түрлері; күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары, сабақ жоспарлары, пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларының жасалуы; оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларының жасалуы; ай сайынғы аттестаттау; пәндер бойынша үлгерім мониторингісі; талаптар мен әдістемелік нұсқаулар; жас оқытушыларға арналған психологиялық тренингтер жүргізілді.
Оқу-әдістемелік жұмыс
Оқу-әдістемелік жұмыстың мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен жетілдіру негізінде білім берудің сапасын арттыру және олардың өздігінен іздену әрекеттерін бағыттау.
-
«Туризм» ПЦК – «Арнайы пәндерді оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану»;
-
«Жалпы білім беру пәндері» ПЦК – «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»;
-
«Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттау» ПЦК – «Білім беруде жеке тұлғалық бағыттау арқылы кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру»;
-
«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» ПЦК - "Білім алушылардың өзіндік жұмысы- коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың негізі»;
- «Тамақтануды ұйымдастыру» ПЦК – «Арнайы пәндерді саралап-деңгейлеп оқыту»
Әдістемелік жұмыстың бағыттары:
- Әдістемелік қызметтің нормативтік - құқықтық қамтамасыздандырылуын қалыптастыру және түзету жұмыстары;
- Әдістемелік жұмыстың әр түрлі деңгейдегі нәтижелілігі критерийлерін қалыптастыру.
- Оқытушылардың кәсіби деңгейлерін арттыру:
- Оқытушылардың кәсіби әлеуеттері мен қажеттіліктерін анықтау;
- Біліктілікті жетілдіру жүесін жоспарлау.
- Сараптау – бағалау қызмет:
- Бағалау критерийлері мен бағыттарын анықтау;
- Мониторинг ұйымдастыру;
- Колледж оқытушыларының әдістемелік өнімдерін дайындап басып шығаруларына, іс-шаралар мен сабақтарына қойылатын талаптарды анықтайды.
- Жұмыс бағыттарын белгілеу, оқу үдерісін әдістемелік қамсыздандыруы;
- Педагогикалық-инженерлік кадрлардың әдістемелік біліктіліктерін арттыру;
- Ұжымның жұмыс нәтижелерін талдау;
- Әдістемелік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.
- Педагогикалық мәселелерін шешу.
Ата-аналарға арналған құқықтық жалпы оқыту өткізілді
2022 жылғы 3 ақпанда колледжде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары үшін құқықтық жауапкершілігі мәселелері бойынша ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Жасөспірім жастағы құқық бұзушылықтардың себептері және олар үшін жауапкершілік» тақырыбында ата-аналар үшін құқықтық жалпы оқыту өткізілді.
Жалпы оқыту барысында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджер Г.М. Кулбаева ата-аналарды балалардың әкімшілік жауапкершілігі туралы нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.