Білім беру ұйымының атауы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» Шаруашылық құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Орналасқан жері:   Нұр-Сұлтан қаласы,  Қарасай батыр көшесі 19 мекеме

Пошталық мекенжай: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарасай батыр көшесі 19 мекеме

Телефон: 8(7171) 2272219

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бос лауазымның атауы:

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі

Лауазымдық міндеттер:

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.

Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің (бұдан әрі–ҰКТ), сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтар мен қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

өткізілетін тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.

Білім алушылардың, педагогтардың конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.

Кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді, есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.

"Құндылықтарға негізделген білім" - мектеп тұжырымдамасын әзірлейді. Мектеп ұжымының қатысуымен білім беруге бағалы әдіс енгізеді.

Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумды ұйымдастырады және өткізеді. "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымы жұмысын ұйымдастырады. "Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" атты қоғамға пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.

Рухани-адамгершілік біліммен қамтамасыз етуде "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімін алмастырады.

Білім беру ұйымы түлектері қауымдастығы қызметін құру және қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.

Педагогикалық еңбек ветеранымен ынтымақтастықта болады. Мектеп мұражайының жұмысын ұйымдастырады.

Дебаттық қозғалысты дамытады.

Туристік сапарлар мен саяхаттарды ұйымдастырады.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалы отбасылардың қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,  педагогика және психология негіздерін, Рухани жаңғыру", "Құндылықтарға негізделген білім беру" бағдарламаларын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,  экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

Еңбекақысы :  250000 (екі жүз елу мың) теңге.

Бос лауазымның атауы:

Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

Тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат,

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Лауазымдық міндеттер:

Білім беру ұйымдарын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады.

Жұмыстың тиісті бағытындағы кадрларды іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог кадрларды оқытуды ұйымдастырады;

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.

Білім беру ұйымдарында цифрландыру процессін қамтамасыз етеді.

Оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Санитарлық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді, белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Цифрлық Қазақстан"білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктерін,менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Еңбекақысы :  250000 (екі жүз елу мың) теңге.

Бос лауазымның атауы:

Техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымының педагог-психологы 

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

"Психология" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі және бейіні бойынша жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер-5 жыл.

Лауазымдық міндеттер:

Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады.

Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді.

Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды.

Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады.

Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді.

Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық).

Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді.

Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.

Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді. Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Еңбекақысы :   124000 (жүз жиырма төрт мың) теңгеден бастап.

Бос лауазымның атауы:

Өндірістік оқыту шебері

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе жұмыс стажына талап қойылмайды немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша педагог-шебер – 5 жыл.

Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.

Лауазымдық міндеттер:

Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді.

Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді.

Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.

Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады.

Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды.

Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді.

Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.

Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.

Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады.

Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді.

Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Еңбекақысы : 126000 (жүз жиырма алты мың) тенге.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жұмыс күндері сағат 9-00 –ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00- ден 14.30-ға дейін, 2022 жылғы 18 наурызынан бастап 2022 жылғы 31 наурызы аралығында қабылданады.

2 (екінші) қабат, 209 кабинет (директордың қабылдау бөлмесі)

 

Құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган

 ____________________________________________________________________

кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

       ____________________________________________________________________

       ____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

 Өтініш

Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

____________________________________________________________________

білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

       ____________________________________________________________________

лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

 Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
________________________________________________________________________

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
11-қосымша

 

Нысан

 Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы __________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

Балл саны

(1-ден 20-ға дейін)

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы диплом

Техникалық және кәсіптік = 1

Жоғары күндізгі = 5

жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2

жоғары білім туралы үздік диплом = 7

2.

Ғылыми / академиялық дәрежесі

Білімі туралы диплом

Магистр немесе жоғары білімі бар маман = 5

PHD-докторы = 10

Ғылым докторы = 10

Ғылым кандидаты = 10

 

 

Ұлттық біліктілік тестілеуі

Сертификат

"Педагог" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60-қа дейін = 0 балл

60-тан 70-ке дейін = 2 балл

70-тен 80-ге дейін = 5 балл

80-нен 90-ға дейін = 6 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40-қа дейін = 0 балл

40-тан 50-ге дейін = 1 балл

50-ден 60-қа дейін = 2 балл

60-тан 70-ке дейін = 3 балл

"Педагог-модератор" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін = 0 балл

60-тан 70 балға дейін = 3 балл

70-тен 80 балға дейін=6 балл

80-ден 90 балға дейін=7 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=2 балл

50-ден 60 балға дейін=3 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

"Педагог-сарапшы" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін=4 балл

70-тен 80 балға дейін=7 балл

80-нен 90 балға дейін=8 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40-тан 50 балға дейін=3 балл

50-ден 60 балға дейін=4 балл

60-тан 70 балға дейін=5 балл

"Педагог-зерттеуші" біліктілік санатымен

Мазмұны бойынша:

50-ден 60 балға дейін=0 балл

60-тан 70 балға дейін- 5 балл

70-тен 80 балға дейін=8 балл

80-нен 90 балға дейін=9 балл

Әдістеме және педагогика бойынша:

30-дан 40 балға дейін=0 балл

40 - тан 50 балға дейін=4 балл

50-ден 60 балға дейін=5 балл

60-тан 70 балға дейін=6 балл

"Педагог-шебер" біліктілік санатымен - 10 балл

3.

Біліктілігі/Санаты.

Куәлік, өзге де құжат

2 санат-1 балл

1 санат -2 балл

Жоғары санатты-3 балл

Педагог-модератор-3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог- зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

4.

Педагогикалық қызмет өтілі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

1 жылдан 3 жылға дейін = 1

3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5

5 жылдан 10 жылға дейін = 2

10 жылдан және одан артық = 3

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесі

еңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат

әдіскер= 1 балл

директор орынбасары= 3 балл

директор = 5 балл

6.

Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшін

Білім туралы дипломға қосымша

Педагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері

"өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

7.

Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)

 Хат

Оң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл

Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл

Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл

8.

Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері

- білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;

- мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;

- мемлекеттік награда

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл

ғылыми жобалар-1 балл

олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл

"Үздік педагог" конкурсының қатысушысы-1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жүлдегері – 5 балл

медаль "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" - 10

9.

Әдістемелік қызмет

- авторлық жұмыстар және жарияланымдар

ҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл

РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы

БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы

10

Қоғамдық-педагогикалық қызмет

- көшбасшылық

- көптілділікті жүзеге асыру

тәлімгер-0,5 балл

ӘБ жетекшілігі -1 балл

кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл

2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл

Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл

3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл

11

Курстық дайындық

- пәндік дайындық сертификаттары;

- цифрлық сауаттылық сертификаты,

ҚАЗТЕСТ,

 IELTS;

 TOEFL;

DELF;

Goethe Zertifikat, "Python-да бағдарламалау негіздері", "Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту" бағдарламалары бойынша оқыту

НЗМ ПШО, "Өрлеу" курстары

– 0,5 балл

курстар - 0,5 балл (әрқайсысы жеке)

Барлығы:

Максималды балл – 83

         

 

2021 жылдың 17 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК «Ландшафтық дизайн», «Қонақ үй әкімшілігі» құзіреттіліктері бойынша «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» республикалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Чемпионат барысында «Ландшафтық дизайн», «Қонақ үй әкімшілігі» құзіреттілігі бойынша Семей, Орал, Щучинск қалаларынан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау өңірлерінен 16 қатысушы өз шеберліктерін көрсетеді. Чемпионат білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Чемпионаттың ашылуына «Talap» КЕАҚ вице-президенті Таттибек Санжар Меирханович, Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ахимбеков Алибек Болатович, Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасының ТжКББ бөлімінің басшысы Хон Ақмарал Рахметуллаевна қатысты.

Жаңалықтар https://ksit.kz/ Super User