Мақала индексі

2020 жылдың 25 желтоқсан күні «Сапалы білім – колледждің табысқа жету кепілі» тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Педагогикалық кеңесте Директордың ОҒӘЖ бойынша орынбасары Б.Қазбекқызы, колледж әдіскері Алшынбаева Г.Ж., қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы К.А.Жакина, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімше меңгерушісі Л.К.Баймуканованың өз баяндамаларымен сөз сөйледі.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

І. ТжКББ жүйесіндегі инновациялық өзгерістер жағдайында колледждің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және студенттерді қашықтықтан оқытуды жүргізу бойынша ұсынымдар

ІІ. Педагогтің біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары

ІІІ. Колледждің қабылдау комиссиясының 2021 жылға арналған кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту

ІҮ.Әр түрлі:

- Студенттерді оқудан шығару туралы

- 1 курс студенттерінің 2 семестрден «Оffline» режимге ауысуы туралы ақпарат

- Колледж қызметкерлерін марапаттау туралы

IMG 5636 

IMG 5637

IMG 5639

IMG 5644

IMG 5645

IMG 5669

IMG 5673

IMG 5674

IMG 5675

 

Педагогикалық кеңес https://ksit.kz/ Super User