«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» республикалық чемпионатының ашылу салтанаты

2021 жылдың 17 қарашасында  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК «Ланштафтық дизайн», «Қонақүй әкімшілігі» құзіреттіліктері бойынша  «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2021» республикалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

«WorldSkills» – бүкіл әлемде кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру негізінде кәсіптік стандарттарды үйлестіру арқылы білім беруді дамыту болып табылады.

Чемпионат барысында ««Ланштафтық дизайн», «Қонақүй әкімшілігі»» құзіреттілігі бойынша Семей, Орал, Щучинск қалаларынан, Алматы, шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау өңірлерінен 16 қатысушы өз шеберліктерін көрсетеді. Чемпионат білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Чемпионаттың ашылу салтанатының құрметті қонағы болған  «Talap» КЕАҚ вице-президенті Таттибек Санжар Меирханович, Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ахимбеков  Алибек Болатович, Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасының ТжКОББ бөлімінің басшысы Хон Ақмарал Рахметуллаевна және колледж директоры Басыгараева Салтанат Кайратовна сөз сөйлеап, қатысушылар мен қонақтарға өз жылы лебіздерін білдірді.

"Мәдени кодын қалыптастыру" атты жоба аясында іс-шара өтті

2021 жылғы 13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы қолдауымен Қазақстан Жастарының Конвенті ұйымдастаруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласының мәдени кодын қалыптастыру жобасы аясында Сервис және туризм колледжінде іс-шара өтті.

Іс-шара Шаймерденова Сауле Каиркеновна - философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры қатысуымен өтті.
Жоба мақсаты - қоғамдық сананы жаңғырту және астананы мәдени дамыту арқылы елорданың мәдени кодының моделін қалыптастыру, астананың мәдени кодын қалыптастыру, қоғамдық сананы жаңғырту үшін жағдайлар жасау. Мәдени адамның беделін, мәдени демалысты, социумдағы жақсы қарым-қатынасты, адамгершілік тәрбиені, табиғатқа ұқыпты қарауды, жастар арасында жастармен, өзара түсіністікке және коммуникативтік батылдықты дамыту, сондай-ақ өз бастамасын дамыту және жастардың санасын жаңғырту үшін жағдай жасау, сондай-ақ қатысушылар мен жалпы қоғамда мәдени хабардарлықты, ашықтық пен шыдамдылықты тәрбиелеу.

«АИТБ және ЖИТС-тың алдын алу, бұл  туралы әркім білуге тиіс!

 

     2021 жылдың 17 қараша күні  колледж мейірбикесі  Жолдыбаева К.А «АИТБ және ЖИТС- -тың алдын алу , бұл  туралы әркім білуге тиіс», тақырыбы бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы  ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ның эпидемиолог дәрігері  Каратаевой  Г. Е  және педагог Турымова А.Т қатысуымен 1 желтоқсан - дүниежүзілік ЖИТС / АИТБ мен күрес күніне арналған семинар өткізді.

«Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясы жалғасуда

 

Нұр-Сұлтан ст. ЖПБ қызмет көрсету учаскесінде​ ағымдағы жылдың​ ​ ​ 15-19 қараша аралығында темір жол бойында адамдар болуына байланысты жолаушы және жүк поездарын шұғыл тежеу фактілерін алдын алу мақсатында, сондай-ақ балалардың теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ескерту бойынша «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясы өткізілуде.

Аталған акция шеңберінде қараша айының 16-да Нұр-Сұлтан темір жол вокзалының 1-ші қабатында Нұр-Сұлтан ст. ЖПБ басшылығы, Нұр-Сұлтан темір жол вокзалының басшылығымен бірігіп «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясы шеңберінде «Вокзалда қабылдау» Акциясы өткізілді. Аталған акция кезінде Нұр-Сұлтан қаласының Сервис және туризм колледжінің студентерінің еріктілер ретінде жұмылдыра отырып, темір жол вокзалындағы жолаушылармен күтіп алушылырға құқық бұзушылықтардын алдын-алу мақсатында жасалған жадынамалармен мен буклеттер таратылып, темір жол қауіпті аймақ екенін ескерте отырып, түсіндіру жумыстары жүргізілді және азаматтарды қабылдау кезінде барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан теміржол вокзалының ЖПб қызметкерлері еріктілермен бірігіп Нұр-Сұлтан станциясының 10-шы мөлтек ауданында , азаматтар көп өтетін қауыпты аумақтарда темір жолдан өтіп жатқан азаматтармен түсіндіру жұмыстар жүргізілу кезінде​ «Темір жол өте қауіпті аумақ!» екені ескертілді, және жадынамалармен буклеттер таратылды.​ ​ ​ ​ ​

Біздің колледж туралы барлық жаңалықтар әлеуметтік желілерде де ұсынылған !!!

Қош келдіңіз!!!


Біз Facebook-те!!!
https://www.facebook.com/ServiceTourismCollege/

Біз Instagram-да!!!
https://www.instagram.com/service_tourism_college/


Қыдырбай Дана - Жаңа жыл әні

https://www.facebook.com/adminketspp/videos/1071294650000994/ 





Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласының орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында өткен «Nur-Sultan Debat Cup 2020» пікір - сайыс турниріне Сервис және Туризм колледжінен Рамазанова Альмира, Кутжанова Махаббат қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Астана Жастары» КММ Басшылығынан алғыс хатпен марапатталынды.

дебаты новости

 

дебаты новости2

 

 

 

14 қараша күні «Jas sarbaz – Meiirimdilik biriktiredi» жобасы аясында Сервис және туризм колледждіндегі «Жас сарбаз» студенттеріне «Жас сарбаз» қозғалысында бар екенін растайтын куәліктер табысталды. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді.

жас сарбас

 

 

 

 

 

 

Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұзтаздардың қолында.Еліміздің болашағы, ұлтымыздың ертеңі білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау қабілеті мен біліміне және іскерлігіне байланысты. Осыған орай 2020 жылы қараша айының 27-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы Сервис және туризм колледжі студенттердіне таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру және талапкерлерді өз кәсібіне тарту мақсатында «Менің мамандығым - менің мақтанышым» атты халықаралық вебинар өткізілді. Вебинардың қонағы колледжіміздің серіктесі – Анталия қаласындағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноглу қатысты.

вебинар воспит.работа

Тәрбие жұмысы https://ksit.kz/ Super User