Педагогтарға арналған «Кітап деген бір әлем …» оқырмандар конференциясы

«Менің кураторым не оқиды?» акциясы аясында педагогтардың заманауи және шетелдік жазушылардың шығармаларын  жасөспірімдердің интеллектуалды, шығармашылық және адамгершілік дамуының қайнар көзі ретінде танымал ету қажеттілігін қалыптастыру мақсатында педагогтарға арналған «Кітап деген бір әлем …» оқырмандар конференциясы өткізілді.

Конференцияның ұйымдастырушылары колледж және Әдістемелік орталық болды.

Конференцияда колледж педагогтары дайындаған 16 баяндама ұсынылды.

Бұл конференцияны нағыз «кітап калейдоскопы» деп атауға болады. Конференциядағы барлық баяндамалар өте қызықты болды.

Спикерлер өзі оқыған мазмұны жағынан жанына жақын кітаптарды аудитория алдында ұсынды: авторлар, сюжет, тақырып пен проблема, негізгі мотивтер мен кейіпкерлер туралы айтты.

Конференцияның өзіндік қорытындысы ретінде колледж оқытушылары кітаптар тізімін оқуға ұсынды.

Біз сіздермен осы тізімді қуана бөлісеміз:

«Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбардың өмірі», Дамира Өмірзаққызы Ибрагим

«Ойыңды өзгертіп өзіңді өзгерт», Камшат Бекжігітова

«Самый богатый человек в Вавилоне», Джордж Клейсон

«Дорина Грей», Оскар Уайлда

«Атау кере», Оралхан Бөкей

«Унесённые ветром», Маргарет Митчелл 

«Білімге құштарлық», Дүйшөн Шаматов, Әйгерім Әлиасқар

«Қызыл жебе», Шерхан Мұртаза

«Тар жол,тайғақ кешу», Сакен Сейфуллин 

«Әже» өлеңі, Ербол Бейлхан

«Уроки Ога Мандино 17 законов величайшего успеха в мире», Александр Филд

«Кемел адам», Қайрат Жолдыбайұлы

«Ақ лала гүлдер өлкесі  Финляндия», Григорий Петров

«Шырағың сөнбесін» романы, Тахауи Ахтанов.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған