Тәні саудың – жаны сау

Колледж негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған Астана қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Спартакиада өткізілді.

Спартакиада Астана қаласының білім беру ұйымдарының басшылары арасындағ ұйымдастырылып, биыл алғаш рет өткізіліп жатқан маңызды іс-шара. Жарысқа елорданың орта білім беру мектептірінің, техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінің басшылары қатысты. Спартакиада 5 спорт түрінен тұрды:

         – дартс;

         – үстел теннисі;

         – пневматикалық мылтық ату;

         – дойбы;

         – шахмат.

Спорттың 3 түріне қатысып, пневматикалық мылтық атудан және шахматтан – жүлделі 1 орын, үстел теннисінен – 2 орын  иеленген Колледж директоры Салтанат Қайратқызын құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған