“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер” дәрісі

2023 жылғы 02 Наурызда Сервис және туризм колледжінің акт залында “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың соңғы өзгерістері”тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің заңгері, дәріскер Ахметова Данагүл өткізді.

Дәріс барысында дәріскер “сыбайлас жемқорлық”, “пара”, “қаржылық тергеу” сияқты ұғымдарды ашып, 2023 жылғы 03 Қаңтарда 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына қандай өзгерістер енгізілгенін айтты.

2020 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы ГРЕКО ұйымының 50-ші мүшесі болды. Бұл ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық саясаттағы кемшіліктерді анықтайтын бағалау раундтарын өткізеді және қажетті заңнамалық, институционалдық және практикалық реформаларды жүргізуге бастамашылық етеді.

Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқылауға белсенді қатысып, өз ойлары мен идеяларын ұсынды. Жалпы дәріс нәтижелі өтті.

Аталған іс-шараға 78 студент қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған