Шығармашылық педагог-2022

2023 жылғы 14 қаңтарында Астана қаласының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  “Шығармашылық педагог-2022” атты қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты шығармашылық, талантты педагогтарды анықтау, шығармашылық байланыстарды кеңейту және техникалық және кәсіптік оқыту саласындағы жаңа идеялар мен жетістіктермен алмасу. Сервис және туризм колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Шаймерденова Анар Төлегенқызы байқаудың жүлдегері атанып, 2 дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.  Әріптесімізді құттықтаймыз және жұмыста шығармашылық табыс тілейміз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған