ПОЭЗИЯНЫҢ ЖАНДЫ СӨЗІ – 2022

2022 жылғы 9 желтоқсанда “Оқуға құштар Қазақстан- оқуға құштар ел” жобасы аясында “ПОЭЗИЯНЫҢ ЖАНДЫ СӨЗІ – 2022” қалалық оқырмандар байқауы (on-line) өтті. Байқаудың мақсаты жеке тұлғаны шығармашылық  дамыту, студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттыру және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлігін насихаттау болды.  Сервис және туризм колледжінің 1-3 курс студенттері қатысып, шығарманы жақсы орындағаны, мәтінді мәнерлеп оқығаны, орындаушылық шеберлігі, әртістігі, көркемдік бейнесін ашқаны үшін жүлделі орындарға Дүйсекеев Алдияр, Мырзабек Лашын, Исаченко Олег, Шмидт Ирина, Абеуова Дилара, Еранқызы Ерденаз, Жұмақанов Әлішер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған