Педагогикалық кеңес отырысы №2

2022 жылдың 31 қазан күні  педагогикалық кеңестің 2-ші отырысы өтті.  Педагогикалық кеңесте   директордың ОІ, ОӘЖ, ӨО жөніндегі орынбасарлары және  қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы  өз баяндамаларымен сөз сөйледі. 

    Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

1.  Бітіруші топтардың Қорытынды аттестацияға дайындығын талдау және бақылау – директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Жакина К.А.

2.  «Педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы студенттердің білім сапасын көтеру» колледждің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру – директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Жакина К.А.

3.   «Жас маман мектебінің» қызметі – директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Жакина К.А.

4.  Педагогқа біліктілік санатын беру (растау) ережесі – директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Жакина К.А.

5. Ерте кәсіптік бағдар беру: кәсіптер әлемі жас оқушылар көзімен. Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде оқу үйірмелерін ұйымдастыру – директордың ӨО  жөніндегі орынбасары Кныш Г.П.

6.Әр түрлі:

-2022 жылғы колледж қабылдау комиссиясы жұмысының нәтижелері – қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы -2023 жылға қабылдау комиссиясының жауапты хатшысын таңдау

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған