«Мемлекеттік рәміздер-Тәуелсіздік символы» тақырыбымен сұхбат тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, ұлтымыздың басты құндылықтары болып табылатын ұлттық нышандарымызды құрметтеу, әрі оның қадірін  жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік рәміздер-Тәуелсіздік символы» тақырыбымен сұхбат тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға арнайы қатысқан құрметті қонақ Гральдикалық зерттеулер орталығы Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бөлімі басшысы  Жарқынбек Жұмаділұлы Мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні мен маңызы жайында жастарға әңгімелеп, оларды білімді, елінің патриот азаматтары болуға шақырды. Сонымен қатар, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, тақырып төңірегінде ой бөлісті.

Шара барысында Мемлекеттік рәміздер туралы деректі фильм көрсетіліп, студенттер өнерлерін ортаға салып, «Айбыны асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған