Колледж тарихы

Астана қаласы әкімдігінің «Кейбір мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» 09.01.2019 ж. № 107-32 қаулысының негізінде Астана қаласы Білім басқармасының «Экономика, технологиялар және тамақ өндірістерін стандарттау колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бірігу жолымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қайта ұйымдастырылсын.

Сервис және туризм колледжі (бұдан әрі – Колледж) өзінің білім беру қызметін 2020 жылы екі колледж біріктірілгеннен кейін бастады. Колледждің дербес балансы, заңнамаға сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және атауы бар бланкілері, мөрі бар.

Колледж қызметінің мәні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлау болып табылады.

Қазіргі уақытта колледж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті берген 30.10.2020 ж. №KZ32LAA00019219 лицензиясына сәйкес 10 мамандық бойынша 19 біліктілік бойынша білім беру қызметін жүргізеді. Қызмет колледж Жарғысы және Ішкі тәртіп ережелері негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі оқу нысаны бойынша негізгі орта және ТжКБ базасында жүргізіледі.

 Миссиясы – экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау.

Болжамы: маманның қажеттіліктерін, мүдделерін, мүмкіндіктерін ескере отырып және Қазақстан Республикасының даму мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оның рухани, адамгершілік, зияткерлік, кәсіптік, физикалық дамуына ықпал ететін білім беру ортасы.