Greenways (Жасыл маршруттар) елорда және Ақмола облысының аумағында экологиялық туризмді дамыту

2022 жылғы 05 қыркүйегінде  Астана қаласы Білім басқармасының  №705 бұйрығымен колледж ” Greenways  (Жасыл маршруттар) елорда және Ақмола облысының аумағында экологиялық туризмді дамыту” жобасымен эксперименттік алаңдар базасына енгізілді. Жоба аясында колледжде “Туризм” мамандығының Тра-22к тобының студенттерімен дөңгелек үстел өтті, дөңгелек үстелдің мақсаты студенттерді инновациялық жобамен таныстыру, маңыздылығын атап өту  болды. Колледж оқытушылары жасыл маршруттарды жасау арқылы көлік желісі мен шағын инфрақұрылым дамып келе жатқанын атап өтті. Жасыл маршруттар табиғи және мәдени мұраны сақтауға және жақсартуға, сондай-ақ әртүрлі мәдениеттерді біріктіруге, тәжірибе алмасуға, экономика мен кәсіпкерліктің өсуіне ықпал етеді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған