«Ерлік ұрпаққа мұра»

«Өнегелі өмір» жобасы аясында және «Атамның аманаты» ҚҚ ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 19 сәуірде колледждің Коворкинг орталығында Сталинград шайқасында Кеңес әскерлерінің неміс-фашистік әскерлерін талқандауының 80 жылдығына арналған «Сталинград қабырғасында» көрмесі ашылды және «Ерлік ұрпаққа мұра» тақырыбында ҰОС кезіндегі қазақстандықтардың ерлігі туралы әңгімелеп берген арнайы қонақтармен кездесу өткізілді.

Көрме Сталинград шайқасының негізгі кезеңдері және оның Ұлы Отан соғысы мен жалпы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі рөлі туралы баяндайды. Экспозиция шайқас тарихын оның кейіпкерлері, оның ішінде отандық батырларды бейнелейді.

Көрменің мақсаты-патриотизмді қалыптастыру, өз елінің тарихын білуге қызығушылық тудырту.

Көрме 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін жалғасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған