“Діни сауаттылықты арттыру” тақырыбында дәріс өтті.

Жасөспірімдерде адамзаттың рухани негізі ретінде дінді тұтас түсінуді қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 15 мамырда топтарда “Діни сауаттылықты арттыру” тақырыбында дәріс өтті.

Аталған дәріске “Астана қ.Діндерді зерттеу орталығы” ЖШС дәріскерлері шақырылды, олар студенттермен діни сананың дамуы мен іс-әрекетінің күрделі процестері, діннің әлеуметтік құбылыс және адамзаттың рухани мәдениетінің көп қырлы элементі ретінде жұмыс істеуі туралы хабардар ету мақсатында әңгімелесті. Дәріс барысында мамандар студенттерге әртүрлі діни көріністердің өзара әрекеттесуін және олардың адам мен қоғамға әсерін түсінуге мүмкіндік беруге тырысты.

Осы дәрістегі материалдар студенттерге көзқарастар мен тұжырымдамалардың плюрализмі негізінде толерантты дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыруға көмектесуге бағытталған. Аталған іс-шараға 96 студент қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған