Денсаулық сағаты

24.01.2023 ж., колледждің 1 курс студент-қыздарына арнап Астана қаласының әкімдігінің №3 қалалық емхана ШЖҚ МКК-ның «Жас толқын» ЖДО, алдын –алу және әлеуметтік-психологиялық көмек беру бөлімінің гиниколог дәрігері Д.Түсіпбекованың қатысуымен  «Репродуктивті денсаулықты сақтау. Жатыр мойны обырының алдын-алу» тақырыбында семинар, ер балаларға арнап  уролог-дәрігер  С.Мақсымұлының қатысуымен  «Репродуктивті жүйедегі ісік ауруларының алдын алу» тақырыбында консультативтік-профилактикалық әңгіме ұйымдастырылды.

Студент-қыздарға, Жатыр мойны обырының алдын алу үшін,күдік туындаған және ауру белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну қажеттілігі, жыл сайын профилактикалық тексеруден өту,скрининг және РШМ ерте анықтау үшін  ( ПАП-тест) туралы хабардар болу қажеттілігі айтылды. Ал ер балалармен әңгіме барысында  жыныс жолдары инфекциясының алды –алу, денсаулық пен қалыпты өмір сүру үшін зиянды әдеттерден бас тарту және жақсы әдеттерді қалыптастыру қажеттігін  түсіндіру мақсатында  ақпараттық –түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған