“Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбына плакаттар байқауы

01.02.2023 жылғы 1 курс топтары арасында “Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбына плакаттар байқауы өткізілді. Әкімшілік үздік плакат конкурстын ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайтын ереже әзірледі. Байқау жасөспірімдер арасында буллинг алдын алу, топшілік қатынастарды нығайту, шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында өткізілді.

Конкурстың міндеттері:

  • Буллинг мәселелеріне назар аудару;
  • Ақпаратты аналитикалық жинау дағдысын дамыту;
  • Талантты студенттерді анықтау және тарту;
  • Шығармашылықты дамыту және ынталандыру.

Студенттер плакаттардағы жұмыстарды орындады, жұмыстар кез-келген техникада, соның ішінде компьютерлік техниканы, қосымшаларды қолдана отырып орындалды. Жұмыстарды бағалауды конкурстың қазылар алқасы 5 балдық жүйе бойынша сараптамалық бағалау әдісімен жүзеге асырды. Байқаудың барлық қатысушылары қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды, алғашқы үш орынды иеленген байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған