Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

Колледжде терроризмге қарсы қорғауға бағытталған жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығуға барлық студенттер мен педагогтар, колледж қызметкерлері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында практикада «Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» шеңберінде бекітілген Алгоритмдер пысықталды.

Техникалық құралдардың, яғни дабыл түймесінің, турникеттің және бейнекамералардың жұмыс істеуін тексеру жүргізілді.

Мұндай жаттығулар тек профилактикалық мақсатқа бағытталған және колледжде жоспарға сәйкес үнемі өткізіліп тұрады.

Мұндай жаттығуларды өткізудегі біздің басты мақсатымыз – техникалық құралдардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру ғана емес, сонымен қатар, қауіп туындаған жағдайда студенттерге, педагогтар мен қызметкерлерге дұрыс және қауіпсіз әрекет ету туралы нұсқау беру.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған