“Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет” атты мәнерлеп оқу байқауы

28 ақпан күні 1-курс студенттері арасында жас ұрпақтың жүрегінде өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерді  қалыптастыру мақсатында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет» атты мәнерлеп оқу байқауы екі тілде, яғни қазақ және орыс тілінде өткізілді. Қатысушылар «Ана» тақырыбындағы өлеңдерді жатқа оқыды.

Байқау жеңімпаздары ОП1-22к тобының студенті Зиябек Арай 1-орын,  ОП1-22р тобының студенті Курач Илья 2-орын және ОП1-22к тобының студенті Орынтаева Айханым 3-орынды иеленді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған