«Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі» әдеби печа – куча!

2023 жылдың 20 сәуірі күні, колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі» тақырыбында әдеби печа-куча өткізілді.

Шараға қатысушылар өз баяндамаларына қоса презентациялар көрсетті. Шара соңында «Неліктен оқу керек?» екендігі туралы 5 фактіден тұратын бейнефильм көрсетілді. Печа – куча форматы студенттерге дәстүрлі әдістерге қарағанда шығармашылық еркіндік беріп,  қызықты болды.

Іс шараның жаңа дәстүрлі емесе формасы кітапты насихаттап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырады. Печа-куча Жапониядан келген кітапханалық іс шараның түрі. Шара барысында қатысушылар қысқаша презантациялар жасайды және бірнеше минуттан кейін спикер ақынның сүйікті шығармасын, оның дәйексөзін және т.б. мәлеметтерін оқиды. Шараға 2 курс студенттері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған