«Өнегелі өмір» жобасы аясында кезекті кездесу

2023 жылдың 06 сәуір күні «Өнегелі өмір» және «Оқуға құштар колледж» жобалары аясында колледжде  жазушы, еңбек ардагері,  «Мои воспоминания», «О родной целинной стороне», «Прими, отец, сыновнее спасибо!» кітаптарының авторы  Батюта Николай Васильевичпен кездесу болды.

Іс-шараның мақсаты тәжірибе сабақтастығы,  аға буынды құрметтеуге тәрбиелеу, студенттердің ардагер адамдармен қарым-қатынасын ұйымдастыру, еліміздің өткен тарихы  үшін мақтаныш сезімін ояту. Николай Васильевич өзінің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Студенттер Николай Васильевичтің әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған