ӨЗАРА ҚОНАҚ САБАҒЫ

Өзара қонақ сабақтары педагогикалық біліктілікті арттырудың “қонақ технологияларының” түрі болып саналады. Өзара қонақ сабағының мақсаты-педагогтардың кәсіби қарым-қатынасы және тәжірибе алмасуын кеңейту. Оқытушылардың  арасында білім алмасу олардың әрқайсысының тиімділігін арттырады. Оқу орны  өнімдірек және табысты болады. Тәжірибе алмасу аясында сервис және туризм колледжі мен кәсіптік – техникалық колледж оқытушылары өзара қонақ сабағын өткізді. Оқытушылар О. А. Федотова, А. Е. Алимова ІІ курс студенттерімен “ЛИН – үнемді өндіріс” тақырыбында,  Г.Е. Байгабылова және Б.Б. Тәукебаева І курс студенттерімен “Тұшпара өндірісі аппараты” тақырыбында сабақтарын өткізді. Сабақтар жоғары интеллектуалды деңгейде өтті. Әр түрлі әдістермен студенттердің ізденушілік қызметін ынталандырып отырды. Өзара қонақ сабақтары екі колледждің оқытушыларының әдістемелік қызығушылығын оятты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған